"Тараздың" бұрынғы президенті Исламханның "Кубаньға" өткен кездегі трансферлік құнын жариялады
Жамбылдық «Тараз» клубының бұрынғы президенті Талғат Апсаматов клубтың бұрынғы футболшысы Бауыржан Исламханның ресейлік «Кубаньға» ауысқан кезіндегі трансферлік құнын жариялады, деп хабарлайды Fanatik.kz.
Жамбылдық «Тараз» клубының бұрынғы президенті Талғат Апсаматов клубтың бұрынғы футболшысы Бауыржан Исламханның ресейлік «Кубаньға» ауысқан кезіндегі трансферлік құнын жариялады, деп хабарлайды Fanatik.kz.
Өзінің «Фейсбук» парақшасында Апсаматов краснодарлық клуб Бауыржан Исламхан үшін жалпы 360 мың доллар төлегенін айтады. Оның 200 мың долларын ресейлік клуб «Таразға» Исламханның трансферлік құқығы үшін төлесе, тағы 160 мың долларын жартылай қорғаушының «Қайратқа» өткен сәтінде берген екен.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Кубань» сапына 2013 жылдың ақпан айында өтіп, ресейлік клубпен 3 жылдық келісім-шарт жасаған еді. Бірақ, краснодарлық клубтың негізгі құрамында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Сондықтан да 2013 жылдың жазында ол «Астана» клубына жалға беріліп, ал 2014 жылы «Қайрат» Исламханды сатып алған еді.
Ал, Талғат Апсаматов болса «Тараз» клубының директорлық қызметінен 2013 жылдың мамыр айында кетті. Бұл азамат көпшілікке негізі Тұрлыбай деген текпен танымал. Мысалы, 2013 жылы «Тараз» сапында өнер көрсеткен Иван Перич деген футболшы Sportsffa.kz басылымына берген сұқбатында бұл азаматты Талғат Тұрлыбай деп таныстырған болатын.
Жарнама