"Тараз" командасының бұрынғы футболшшысы Эривалду Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін "Лейшойнш" командасымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
27 жастағы жартылай қорғаушы "Тараз" сапына өткен қыста ауысқан еді. Жалпы ол жамбылдық клуб сапында 7 кездесу өткізіп, екі сары қағаз алған.
Қазіргі уақытта "Лейшойнш" командасы 19 турдан кейін 22 ұпай жинап, Португалияның екінші дивизионында 14-орында келеді.