"Тараздың" бұрынғы бапкеріне қазақстандық командадан ұсыныс түсті

27 желтоқсан 2021 14:26
©"Тараз" ФК

"Тараздың" бұрынғы бас бапкері Вардан Минасян жақын күндері жаңа жұмысқа орналасады, деп хабарлайды Sputnik Армения.

"Көп ұзамай Вардан Минасян жаңа клубта жұмыс істей бастайды. Қазақстаннан, Балтық елдерінің бірінен және Кипр мен Армениядан ұсыныстар бар. Қазір келіссөздер жүріп жатыр", - деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, армениялық маман өткен маусымның басында "Таразға" келіп, Премьер-лигада 10-орынға ие болды және Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: