"Тараздың" бразилиялық шабуылшысы командадан кетті

©"Тараз" ФК

Бразилиялық шабуылшы Жорже дос Сантос "Тараз" командасынан кетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Маусымның бірінші бөлігінде бұл шабуылшы жеті кездесу өткізіп, "Ақсу" командасының қақпасына бір гол соқты. 

Қазақстанға келерге дейін дос Сантос өз отанында өнер көрсеткен. Кейін аустриялық "Капфенберг", украиналық "Черноморец", мальталық "Хибернианс" және литвалық "Паневежисе" командаларының намысын қорғаған. 

Ал "Тазар" командасы болса Қазақстан біріншілігінің 14 турынан кейін 22 ұпай жинап, төртінші орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport