"Таразды" өз алаңында ұтқан "Шахтер" Қазақстан кубогінің жартылай финалына шықты
Қарағандылық "Шахтер" командасы Қазақстан кубогінің ширек финалының екінші кездесуінде "Тараз" командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Қарағандылық "Шахтер" командасы Қазақстан кубогінің ширек финалының екінші кездесуінде "Тараз" командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Қарағанды қаласында өткен кездесу 3:1 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Алаң қожайындары сапынан Давид Атанаскоски (27-минут), Мартин Тошев (60-минут) және Айдос Тәттібаев (91-минут) гол соқса, жамбылдық ұжым сапында Әлішер Сүлей (39-минут) көзге түсті.
Еске салайық, Таразда өткен бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған еді.
Енді Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Шахтер" қостанайлық "Тобыл" командасына қарсы ойнайды. Бірінші ойын 6 немесе 7 қарашада өтсе, жауапты кездесу 20 қарашаға белгіленген.
Жарнама