"Тараз" үш бірдей ойыншысына қатысты шешімге келді

Дінмұхамед Қараман.©ҚФФ

"Тараз" клубы өзінің тәлімгерлерімен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Олар Дінмұхамед Караман, Абылайхан Жұмабек және Жалғас Жақсылықов.

Мұның алдында клуб бас бапкерге қатысты шешім шығарған еді, сонымен қоса, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтанамен де жаңа келісім жасады.

Еске салайық, "Тараз" ҚПЛ-2021 маусымында оныншы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport