Румыниялық "Волунтари" командасының 27 жастағы испаниялық футболшысы Хефте Бетанкор Санчес "Тараз" сапына өтпейтін болды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлап отыр.
Футболшыны румыниялық клуб жібермей отырған көрінеді. Ал тараздық командада әлі де шабуылшы жетіспейді, осыған байланысты басқа футболшыларға назар салуда. Тізімде Ямайка мен Сербиядан форвардтар бар. Дегенмен команда жаңа шабуылшыны сапқа қосуды жазға дейін қалдырып, басқа позициясын күшейтуі де мүмкін.
Еске салайық, "Тараз" 16 тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде "Астанадан" кейін екінші келеді. Команда келесі ойынды 23 сәуір сырт алаңда "Каспиймен" өткізді.