"Тараз" португалиялық футболшымен келісімшарт жасады

©ФК "Маритиму"

"Тараз" футбол командасы құрамын жаңа ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Клубтың баспасөз қызметі хабарлаған ақпарат бойынша, жамбылдық ұжым португалиялық шабуылшы Эривалдо Феррейрамен келісімшарт жасапты. 

27 жастағы футболшы өз карьерасында "Брага", "Авеш", "Маритиму" және болгариялық "Берое" командаларында ойнаған. 

"Тараз" командасында ол 84-нөмірмен ойнайтын болды. 

Еске салайық, "Тараз" командасы Қазақстан чемпионатының 19-турынан кейін 23 ұпай жинап, тоғызыншы орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: