"Тараз" өз алаңында "Шахтерді" ойсырата ұтып ҚПЛ-де бірінші орынға шықты

Сурет: "Тараз" ФК

Бүгін, 9 сәуір Қазақстанның футболдан OLIMPBET чемпионатының төртінші туры өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ойында "Тараз" өз алаңында "Шахтерді" ойсырата ұтты.

Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. 20 және 44-ші минутта Фейт Фрайдей Обилор дубль жасады. 51-ші минутта Эуженио тағы бір гол соқты. Ал үстеме уақытта Ненад Адамович кездесу нүктесін қойды.