"Тараз" футбол клубы Түркиядағы жаттығу жиындарында бақылау матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсылас косоволық "Ульпиана" командасы болды. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.
Тараздық команда тағы екі ойын өткізуді жоспарлауда - "Падерборн 07" (Германия) және "Колубара" (Сербия) клубтарымен. Бұл ойындар 29 қаңтар мен 2 ақпанға белгіленген.
Еске салайық, "Тараз" Қазақстанның былтырғы чемпионатын оныншы орында аяқтады, ал маусым аралығында команданы Нұркен Мазбаев жаттықтыра бастады.