"Тараз" футбол клубының спорт директоры ауысты

Сурет: "Тараз" ФК
33 жастағы қазақстандық маман Нұртас Кургулин "Тараз" футол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жамбыл футбол мектебінің түлегі карьерасын 2003 жылы фарм-клубта бастаған. 2005 жылы "Тараз" сапында премьер-лигада өнер көрсете бастады. Сонымен бірге, ол "Тобылда" да ойнаған. 

Қазақстан чемпионатында жалпы 208 матчте ойнап, екі гол салды. Өткен маусымда Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінде "Игілік үшін екі матчте ойнады. Қаңтарда Кургулин "Игiлiк" ФК спорт директоры болған. 

Еске салайық, мұның алдында "Тараз" клубының спорт директоры Азамат Ниязымбетов еді.