"Тараз" бұрынғы орталық қорғаушысын қайтарып алды

©"Тараз" ФК

"Қайсарда» ойнаған қазақстандық қорғаушы Бекзат Шадманов "Таразға" оралды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

24 жастағы орталық қорғаушы бір жыл бұрын "Тараздан" кеткен еді. Жамбылдық клубтың бұрынғы бапкері Вардан Минасян басқа қорғаушыларға сенім артып, Шадмановты басқа командаға жалға жіберуді жөн деп тапты. Нәтижесінде қорғаушы "Қайсарға" ауысты. Бірақ ол қызылордалық клубтың негізгі құрамына іліге алмай, Премьер-лигада бар болғаны 15 матч өткізді.

Бірақ маусым соңында "Тараздың" екі негізгі орталық қорғаушысы командадан кетті: Елдос Ахметов "Астанаға" ауысты, ал Фэйт Обилор "Ақсумен" келісімшартқа отырды. Сондықтан жаңа бапкерлік штаб Шадмановқа тағы да мүмкіндік беруді ұйғарып, оны Түркиядағы жиынға шақырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: