"Тараз" бас бапкері қызметінен босатылды

©instagram.com/fctaraz.official

"Тараз" клубының бас бапкері Нұркен Мәзбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай маусымның қалған бөлігінде клубты оның бұрынғы түлегі Нұрмат Мырзабаев жаттықтырады. 

23 ойынның қорытындысы бойынша "Тараз" Қазақстан чемпионатында 10-орында келеді. Енді жамбылдықтар келесі кездесуін 24 қазан күні өз алаңында "Каспийге" қарсы өткізеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport