"Тараз" - "Астана" және ҚПЛ 17-ші турының өзге де ойындарына тікелей трансляция

Сурет: ҚКФЛ

Бүгін, 4 қарашада футболдан Қазақстан чемпионатының 17-ші турының тағы үш матчі өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші кездесу "Шахтер" мен "Оқжетпес" арасында өтеді, ойын 13:00-де басталады, одан кейін "Каспий" - "Қызыл-Жар СК" (15:00) және "Тараз" - "Астана" (17:00).

Матчтерді Qazsport арнасынан тікелей тамашалауға болады. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Мұның алдында осы тур аясында "Қайрат" 3:1 есебімен "Ордабасыны" ұтып, 16 жылдан кейін ҚПЛ чемпионы атанды, ал "Тобыл" 3:0 есебімен "Қайсар" командасын жеңді.

Жаңалықтар