Танымал жаттықтырушы биыл екі "Алтын доп" беруді ұсынды

©instagram.com/mancity

"Манчестер Сити" командасының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола жылдың ең үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жайлы пікірін білдірді. Ол басты үміткер саналатын аргентиналық Лионель Месси мен норвег Эрлинг Холандқа бұл марапатты қатар беру керек деп санайды. 

Мен Лео үшін де, Эрлинг үшін де қуаныштымын. Егер Месси иеленетін болса, онда ол оның әлем чемпионатындағы жетістігінің арқасы. Ал Холанд алатын болса, ол өзі өткізген тамаша маусымның нәтижесі. Осы жылы екі "Алтын доп" берсе жарасады. Екеуі де бұған әбден лайық, - деді Гвардиола. 

Айта кетейік, осыған дейін инсайдер Фабрицио Романо "Алтын допты" Месси алатыны жайлы жазған болатын. Жеңімпаз бүгін кеште Парижде анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: