«Милан» клубының шабуылшысы Сантьяго Хименес әлеуметтік желіде хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричтің италиялық грандқа ауысқаннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде ән айтудан қалай бас тартқанын әңгімелеп берді, - деп жазады Vesti.kz.
Футболда жаңа ойыншы командаға қосылғанда өз әріптестерінің алдында ән айту дәстүрі бар. Модрич ән айтудың орнына сый жасаған.
«Біз киім ауыстыратын бөлмеге келдік, әр ойыншы өз орнында жаңа iPhone тауып алды. Модрич бізге сыйға тартқан екен. Ол әрқайсымызға телефон сатып алып беріпті. Ән айтудың орнына бәрімізге телефон алып берген», — деді Хименес.
Айта кетейік, хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич өткен жазда «Милан» ойыншысы атанған. Оның «россонеримен» келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жасалған.
Transfermarkt порталының деректеріне сүйенсек, Модричтің нарықтық құны — 20 миллион еуро.