Таңат Нөсербаев жаңа маусымда қай клубта ойнайтынына қатысты шешім қабылдады

©"Тұран" ФК

"Тұран" клубы Таңат Нөсербаевпен келісімдерін ұзартты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі. 

Келісімшарт қанша мерзімге жасалғаны айтылмады.

Өткен маусымда 34 жастағы Нөсербаев 21 матчке қатысып, төрт гол салды және төрт ассист жасады. ҚПЛ-2021 маусымында ол клубтағы екінші бомбардир болды. "Тұран" Қазақстан чемпионатын 14 команда арасында 12-ші болып аяқтады.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын "Тұран" командасын ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтыра бастады. Ол "Ақтөбе" мен "Тобыл" командаларында да жұмыс істеген. Сонымен қоса, түркістандық команда "Тобылдың" бұрынғы капитаны Азат Нұрғалиевті де сапына қосты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport