"Тамаша нәтиже!". ҚФФ "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы бірінші ойынына баға берді

Сурет: playbyplay.sport5.co.il

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі алматылық "Қайрат" пен хайфалық "Маккаби" арасындағы матчке қатысты пікір білдірді. 

Хайфада өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу 14 шілде Алматыда өтеді.

"Сырт алаңда "Қайрат" үшін тамаша нәтиже! Тағы гол салатын еді, алайда, ойдағыдай болмай қалды. Жалпылай матч қызықты әрі тартысты болды. 

Өз алаңында, Алматыда мүлде басқа ойын - қазақстандық команда матчті толық бақылауында ұстайтынына сенімдімін. Әрине жанкүйерлердің де қолдауы "Қайратқа" дем береді. Жақсы нәтижеге сенеміз", - деп жазыпты Айтхожин Instagram желісінде.