Футбол
30 қараша 2021 18:59

Талғат Байсуфиновтың болашағына байланысты шешім шығатын күн белгіленді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновпен келісімшарт 10 желтоқсан күні созылуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осы күні Қазақстан футбол федерациясының конференциясы өтеді. Жиын барысында Талғат Байсуфинов есеп береді. Сонымен қатар, 10 желтлқсан күні Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің жиыны да болады. 

Талғат Маруаұлының қазіргі келісімшарты жыл соңында аяқталады. Маманмен тағы бір жылға жаңа шартнама жасалуы мүмкін. 

2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Украина құрамасымен екі рет, Босниямен бір рет тең ойнап, үш ұпай жинады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport