Талғат Байсуфинов қазанда өтетін ойындарға құрам жасақтады. Жаңа есімдер бар
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады деп жазады Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады деп жазады Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»).
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый (екеуі де - «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Ақтөбе»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де - «Қайрат»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Артур Шушеначев («Қайрат»).
Қосалқы тізім: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар»), Дмитрий Шомко («Ақтөбе»), Михаил Габышев («Шахтер»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»).
Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері қазан айында екі ойын өткізеді. 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазан күні Финляндиямен күш сынасады. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.
Жарнама