Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерлік қызметінен кетеді
©ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Оның орнына тағы бір қазақстандық маман құрама тізгінін ұстайды. Жаңа бас бапкермен ҚФФ басшылығы келіссөз өткізіп қойған.
Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Молдова құрамасына қарсы екі тоғыспа кездесуіне тағайындалады. Бұл ойындар 24 және 29 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, Талғат Маруаұлының жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып, үш ұпаймен топта соңғы орын алды.
Жарнама