Футбол
11 қазан 2021 19:33
 

Талғат Байсуфинов Финляндия құрамасы, Айымбетовтің жағдайы мен Шомконың қателігі туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Талғат Байсуфинов Финляндия құрамасы, Айымбетовтің жағдайы мен Шомконың қателігі туралы айтып берді ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Финляндия құрамасына қарсы кездесу алдында баспасөз жиынына келіп, құраманың жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Финляндия құрамасына қарсы кездесу алдында баспасөз жиынына келіп, құраманың жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

- Екі күннің ішінде көп жаттығу жасай алмайсың ғой. Тек теориялық дайындық болды. Бүгін бір жаттығу өткіземіз. Жалпы ертең іріктеуде біз өз алаңымызда соңғы рет ойнаймыз. Сондықтан бар күшімізді саламыз, - деп бастады әңгімесін Талғат Маруаұлы. 

- Қазақстан құрамасының соңғы ойындарында нақты бір құрам болмады. Неге осы Қазақстанда тұрақтылық жоқ?

- Себебі, жарақат. Құрамамыздың негізгі ойыншылары жарақат алып қалды. Олар кімдер? Санап шығайық. Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Александр Марочкин. Бұл жігіттер жарақат алған. Ал Азат Нұрғалиев отбасына байланысты сұранып кетті. Артур Шушеначевта да жарақат бар. Бұл жігіттер құраманың негізгі ойыншылары. Осындай жарақатқа байланысты құраманы алмастырып отыруға тура келеді. 

- Ертең Владислав Васильев алаңға шыға алады. Бұл дегеніміз Қазақстан құрамасы бір шабуылшымен ойнайды деген сөз бе?

- Иә, Влад сары қағазын өтеп шығады. Бірақ оның алаңға шығу-шықпауы белгісіз. Қазір бір дайындық болады. Содан соң көреміз. Ал ойын тактикасы туралы ештеңе айта алмаймын. 

- Боснияға қарсы кездесуде бірінші голға Стас Покатилов та кінәлі деп өзіңіз айттыңыз. Ертең қақпашы ауыса ма?

- Ол ойыннан кейін мен Стаспен сөйлестім. Гол кірген сәтті талқыладық. Енді ертең кім тұратыны әлі белгісіз. Бүгін қақпашылардың бапкерімен де сөйлесемін. Біздің үш бағана күзетшіміз де дайын. Ал кім шығатынын ертең көресіздер.

- Абат Айымбетовтың жағдайы туралы айтып берсеңіз. Ол Ұлттық құрамаға шақыру алмады. Бірақ кеше "Астана" сапында ойнады...

- Мен "Астана" командасымен сөйлестім. Осыған дейін Айымбетовтың иығында жарақаты болған. Сол үшін тіпті үш-төрт апта ойнай алмады. Ол төрт-бес күн бұрын жаттығуға қайта кіріскен. Абат құрамадан қашқан жоқ. Тек дайындығы дұрыс болмады. Енді бәрі жақсы болса, қараша айында қатарымызға қайта қосылады. 

- Дмитрий Шомко Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуге дайын болмаған сияқты ...

- Мен қателігімді мойындаймын. Иә, Дима дайын болмады. Мен оның тәжірибесіне сеніп шығардым. Енді қараңыздар, біздің құрамада бұл позицияда кім бар? Руслан Валиуллиннің жағдайын білесіздер. Ал Мақсат Тейкенов әлі жас. Ғафуржан Сүйімбаев болса жарақат алған. Басқа кімді шығарамын? Мұны біз де ойландық. Шешім шығарамыз. 

- Асхат Тағыбергеннің ертеңгі ойынға дайындығы қалай?

- Тағыберген кеше ғана бібен дайындық жасады. Оның алдында жарақаты болды. Ертең енді екінші таймда Асхат алаңға шықса жаман болмас еді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!