Футбол
1 сәуір 2020 21:59

Талас туа ма?. "Қайрат" ойыншысы еуропалық команданың ең қымбат ойыншысы ретінде көрсетілген

Сурет: "Қайрат" ФК
Transfermarkt мәліметінше, Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов латвиялық "Даугавпилс" клубының ең қымбат ойыншысы. Футболшы бұл командаға ауысқаны жайлы наурызда айтылған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


22 жастағы футболшының қазіргі құны 500 мың еуро. Одан кейін Андрей Ковалев (275 мың еуро), Виктор Литвинский, Орхан Гурбанлы, Кирилл Макеев пен Нодари Каличава (әрқайсы 100 мың еуро) тұр.

Бір қызығы Латвия жоғары лигасының ресми сайтында Оразов "Даугавпилс" командасының алдағы маусымда ойнайтын футболшылар тізімінде. Алайда "Қайрат" өз тәлімгерімен келісімшартты үзбегенін мәлімдеді және 2020 жылғы маусымда алматылық команда сапында ойнайтындар қатарында көрсетілген. 

Қаңтарда жартылай қорғаушыны ереже бұзғаны үшін "Қайраттың" шетелдік бірінші жиынынан шет қалды. Ал қазанда осы себеппен Қазақстан жастар құрамасынан шығарылған еді. 

Айта кетейік, Оразов "Қайраттың" негізгі командасы үшін 2018 жылы ойнай бастады. 2019 жылғы маусымда ол ҚПЛ-дегі 20 ойында үш нәтижелі пас берді.