Италиялық "Романы" жаттықтыратын португалиялық белгілі бапкер Жозе Моуринью Еуропа чемпионатындағы үздік құраманы атады. Маманның ойынша, бұл Италия да, Англия да емес.
"Франция құрамасы тәкаппарлығынан Еуроны ұту, әлем және Еуропа чемпионы атану мүмкіндігінен айырылды. Бұл команданың әлеуеті сұмдық. Бұл ең мықты құрама. Франция командасы Англия мен Италиядан да жақсы, бірақ, футбол оларды жазалады және бұл лайықты жаза еді", - деп береді Мауриньюдің сөзін TalkSPORT.
Еске салайық, "Уэмблиде" өткен Еуро-2020 финалында Италия құрамасы Англияны пенальти сериясында ұтты. Ал мұның алдында чемпион болған Франция құрамасы 1/8 кезеңінде Швейцариядан ұтылған болатын.