Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны ұтқаннан кейін эмоциясын ұстай алмады(", деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем чемпиондарының бапкері командасын мақтан тұтатынын айтып, футболшылардың жанкешті ойынының арқасында Аргентина тағы да әлем чемпионатының финалына жолдама алғанын атап өтті.
"Айтар сөзім жоқ, шынымен де сөз таппай тұрмын. Бұл – еліміз бен халқымыз үшін үлкен қуаныш. Бірнеше күн бұрын бұл команда мені таңғалдыруын ешқашан тоқтатпайтынын айтқан едім. Қазір де соны қайталаймын. Біз әрқашан жеңіске жетуге тырысамыз, бар күшімізді саламыз. Бірақ осы футболшылардың көрсетіп жүрген өнерін адамдарға түсіндіру өте қиын. Бұл – керемет.
Біз бірегейміз, расымен де солай. Бұл тәкәпарлық емес, жүректен шыққан сөз. Біз – ерекше командамыз. Бүгін дәл осы жігіттер бізге жеңіс сыйлады. Сол үшін оларға шексіз ризамын", – деді Скалони ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, жартылай финалда Аргентина матч барысында Англиядан 0:1 есебімен қалып келе жатқан. Алайда кездесудің соңғы минуттарында камбэк жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Лионель Скалонидің шәкірттері әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын финалда Испания құрамасымен кездеседі.