Таиландта қақпашы ерте қуанып, пенальтиден таңғаларлық гол жіберіп алды
Таиландта төменгі лигалардың бірінде кубокқа талас кезінде таңғаларлық гол соғылды, - деп хабарлайды The Sun.
Таиландта төменгі лигалардың бірінде кубокқа талас кезінде таңғаларлық гол соғылды, - деп хабарлайды The Sun.
Патхумтхани провинциясында "Бангкок Спортс Клаб" және "Сатри Ангтхонг" командалары арасында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Осыдан кейін футболшылар пенальти орындауға кіріскен.
Командалар ұзақ уақыт бойы жеңімпазды анықтай алмады. Ойыннан кейінгі орындалған пенальтилер саны 19-19-ға жеткен. "Бангкок Спортс Клаба" клубының ойыншысы жиырмасыншы рет пенальти орындаған сәтте доп қақпаның маңдайшасына тиген, сол мезетте "Сатри Антхонг" қақпашысы бөрігін аспанға атып қуанып, қақпадан кетіп қалған. Биікке ұшқан доп жерге түсіп, қақпаға қарай өрлеген. Ешкім допқа тимегендіктен гол саналды.
Нәтижесінде "Сатри Ангтхонга" ойыншысы мүлт кетіп, "Бангкок Спортс Клаб" футболшылары кубоктық жарыстардың финалына шықты.
Осындай таңғаларлық гол кірген сәттер Морокко мен Италияда болған еді.
Жарнама