Тағы ұтылдық. Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңілді

©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде өз алаңында Финляндия құрамасына қарсы матч өткізіп, жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

D тобындағы бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтіп, 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Ойындағы екі голды да Финляндия құрамасының бас жұлдызы Теему Пукки соқты. Шабуылшы алдымен 45-минутта көзге түссе, кейін екінші таймның басында тағы бір гол соқты. 

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлі жеңіске жеткен жоқ. Біздің құрамамыздың еншісінде үш ұпай бар. Өз тобымызда соңғы орында тұрмыз. 

Енді келесі кездесуді Талғат Маруаұлы шәкірттері 14 қараша күні сырт алаңда Франция құрамасына қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: