Тағы үш клуб Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне өтті

©GiveMeSport

Чемпиондар лигасы плей-офф раундындағы матчтердің қорытындысы бойынша тағы үш клуб топтық кезеңге қатысатын болды. Олар "Бенфика", "Виктория Пльзень" және хайфалық "Маккаби", деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бенфика" Лиссабондағы қарымта матчте киевтік "Динамоны" ұтты - 3:0 (бірінші ойында португалиялықтар пайдасына аяқталған - 2:0).

Чехиялық "Виктория Пльзень" өз алаңында әзірбайжандық "Карабах" - 2:1 (бірінші ойын - 0:0).

Израильдік "Маккаби" сербиялық "Црвена Звездамен" тең түсті - 2:2 (бірінші кездесуде "Маккаби" ұтқан - 3:2).

Осылайша, ұтлыған "Динамо", "Карабах" және "Црвена Звезда" командалары Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі 25 тамыз Ыстамбұлда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар