auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тағы да сенсация! Германия құрамасы әлем чемпионатында Жапониядан ұтылды

Тағы да сенсация! Германия құрамасы әлем чемпионатында Жапониядан ұтылды
©twitter.com/FIFAWorldCup

Германия құрамасы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Дохадағы "Халифа" стадионында Германия Е тобы аясында Жапония құрамасымен кездесті. Неміс футболшылары үшін бәрі сәтті басталған. Олар ойынды бірден бақылауына алды. 33-минутта Илькай Гюндоган пенальтиден гол соғып, Германияны алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста неміс футболшылары екінші голын соққан - бірақ Кай Хаверц офсайдта қалып, бұл доп есепке алынбады.

Екінші тайм да Германия құрамасының басымдығымен басталды, допқа көбірек иелік етті. Бірақ жапон футболшылары сәт сайын қарымта шабуылдар жасап, Мануэль Нойер қақпасын торуылдаумен болды. Бұл ақыры нәтижесін берді. 75-минуттағы жылдам шабуылдың бірі кезінде Нойер алғашқы соққыны тоқтата алса, кері серпілген допты Рицу Доан бос қақпада тулатты.

Ал кездесу соңына қарай азиялық құрама жеңісті жұлып әкетті. Тағы бір қарымта шабуыл жасап, Такумо Асано жақын бұрышқа жойқын соққы жасады. Соңғы ысқырыққа дейін неміс футболшылары есепті теңестіруге тырысқанымен, Жапония қорғаныста мығым болды. Қорытынды есеп - 2:1, жапон футболшылары сенсация жасады.

Енді Германия құрамасы келесі матчін 27 қарашада азулы Испания құрамасына қарсы өткізеді. Ал жапондар енді Коста-Рикамен күш сынасады.

Айта кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасы күтпеген жерден Сауд Арабиясынан ұтылып қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама