Футбол
10 қараша 2022 19:02

Тағы бір қазақ боксшы Азия чемпионатының финалында

©AIBA

Ұлттық құраманың белді мүшелерінің бірі Нұрқанат Райыс Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

75 келі салмақтың төресі жартылай финалда Ираннан келген Сейедшахин Мусавимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Райыс қарсыласынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесіне таласады.

Еске салайық, құрама қоржынына алғашқы алтынды әйелдер арасында сынға түскен Алуа Балқыбекова салды. Ал финалға шыққан спортшыларымыздың арасында Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) бар.

Ал қола жүлдегер атанған Саматәлі Төлтаев (60 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) жарысты аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport