Таэквондодан Азия чемпионатында ел құрамасы бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді

Сурет olympic.kz сайтынан алынды

Ливан астанасы Бейрутте өтіп жатқан таэквондодан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін ел намысын үш спортшы қорғаған болатын.

63 келідегі Әділет Базарбаев өзбекстандық Пулат Ниязовтан, 67 келідегі Нұрай Құсайынова иорданиялық Джулиана Садектен, 80 келідегі Рахым Әділханов ирандық Бархордари Мехраннан жеңілді. 

Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия чемпионатын төрт медальмен аяқтап отыр. 

Метки: