Сыртқа айналып кетті. "Ливерпуль" ойыншысы матч кезінде ауыр жарақат алды

13 қыркүйек 2021 08:25
©eurosport

"Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Харви Эллиотт ойын үстінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Англия премьер-лигасы төртінші турындағы "Лидс Юнайтед" командасымен ойын кезінде болды.  

Матчтің 59-шы минутында алаң иелерінің қорғаушысы Паскаль Стрейк қарсыласы Эллиоттқа дөрекі фол жасады, осы үшін алаңнан қуылды. Ал аяғын сындырған "Ливерпуль" ойыншысын зембілмен алып кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар