"Челси" жартылайқорғаушысы Росс Баркли Ливерпульде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мас болған футболшы такси көлігінің ішінде чипсы шашып алған. Такси жүргізушісінің шашқан жерін жинап кету өтінішіне футболшы ашуланып, жанжал шығарып, артынша мүлде жол ақысын төлеуден бас тартқан.
Оқиға орнына полицейлер келген. Біраз әңгімеден кейін такси жүргізушісіне ақша беру үшін Баркли банкоматқа барды. Куәгерлердің айтуынша, футболшы қатты мас болған, екі аяғына әзер тұрған.
25 жастағы Баркли "Челси" сапына 2018 жылы 15 миллион фунтқа ауысқан еді. Ол осы маусымда АПЛ-де бес ойынға қатысты.
Footage has emerged of police speaking to Ross Barkley in #Liverpool. It’s reported he dropped some food in the back of a cab and initially wouldn’t give the driver money for the cleaning bill. pic.twitter.com/gprwjkmt7e
— Radio City News (@RadioCityNews) October 1, 2019