Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" ФК басшылығының өтініші бойынша клубтың ақшалай қаражатын ұрлау фактісі бойынша бұрынғы басшылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Футболшылардың (легионерлердің) агенттеріне сыйақы төлеу арқылы ақша қаражатын алу туралы ақпарат тексеріледі. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - деп хабарлады агенттік.