"Манчестер Юнайтед" шабуылшы Мейсон Гринвудқа тағылған айыптарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ағылшындық клубтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін футболшының сүйіктісі Гарриет Робсон соққының іздерін көрсетіп, Гринвудты зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған болатын.
"Мейсон Гринвуд жаттығудан және матчтардан белгісіз мерзімге шеттетілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Гринвуд "Манчестер Юнайтедтің" негізгі командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 20 жастағы футболшы осы маусымда Премьер-лиганың 18 ойынына қатысып, 5 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. 2020 жылдан бастап Гринвуд Англия құрамасына шақыртылып жүр.