Футбол
19 шілде 2018 09:59
 
"Сутьесконы" жеңген "Астана" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті

  Пікірлер

blog.share

"Сутьесконы" жеңген "Астана" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті "Астана" ФК баспасөз қызметі

Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта "Астана" футболшылары черногриялық "Сутьесконы" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Никшич қаласында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Ойын протоколымен мына жерде танысуға болады. 

"Астананың" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков берген пасты ойынның 38-ші минутында Джордже Деспотович қарсыластар қақпасына сала алды. Ал 65 минутта қазақстандық футболшының өзі де гол авторы атанды. 

Сурет "Астана" ФК баспасөз қызметі

Еске салайық, бір апта бұрын алғашқы матчта "Астана" черногориялықтарды 1:0 есебімен ұтқан. Осылайша, қазақстандық клубтың көрсеткіші 3:0. 

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" даниялық "Мидтьюлланмен" кездеседі: алғашқы матч 24 шілдеде Астанада өтеді, ал қарымта кездесу бір аптадан кейін. Ал "Сутьеско" жаңа формат бойынша жарыстан шығып қалмайды, команда Еуропа Лигасы квалификациясының екінші кезеңіне өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!