Еуро-2024 турнирінде плей-офф кезеңге өткен барлық команда анықталды. Осылай 24 құрамадан тек он алтысы қалды. Топтық кезең аяқталысымен суперкомпьютер турнирде жеңімпаз болуы ықтимал команданы өзгертті, деп жазады Vesti.kz.
Opta мәліметінше, жеңіске ықтималы ең жоғары команда Англия құрамасы екен. Гарет Саутгейт жаттықтыратын команданың жеңіске ықтималы 19,12 пайыз болып тұр.
Алдыңғы үштікке Германия мен Испания кіріпті, олардың жеңу ықтималдылығы – 16,09 және 15,41 пайыз.
Топтық кезең аяқталғанша фаворит есептелген Франция төртінші орынға түсіп қалды. Олардың жеңісі 13,26 пайыз делінген.
Ал қазіргі Еуропа чемпионы - Италия құрамасының тағы да чемпион атануына суперкомпьютер айтарлықтай төмен көрсеткіш беріпті – 4,46 пайыз.