Футбол
23 қазан 13:06

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының фавориттерін анықтады

© ПСЖ ФК

Opta суперкомпьютері UEFA Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы басты фавориттерін анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондық «Арсеналдың» чемпион атану ықтималдығы 21,13%, деп көрсеткен Opta сараптамасы. Ал Пари Сен-Жерменнің жеңіс мүмкіндігі –14,03%, «Ливерпульдікі» 12,31% деп бағаланған.

Айта кетейік, қазіргі Чемпиондар лигасының иегері ПСЖ клубы. Биылғы маусымның финалы 2026 жылғы 30 мамырда Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.

Қазіргі таңда жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде «ПСЖ» көш бастап тұр. Үздік үштікке сондай-ақ «Бавария» мен «Интер» енген. Бұл үш команда да тоғыз ұпайдан жинаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport