Футбол
13 қыркүйек 10:12

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының басты фавориттерін атады

©UEFA

Статистикалық Opta порталының суперкомпьютері Чемпиондар лиагсының 2024/25 маусымындағы фавориттерін анықтады. 

Болжам бойынша "Манчестер Сити" 25,3 пайызбен бірінші орында тұр. 

Қазіргі чемпион Мадридтік "Реал" 18,2 пайызбен екінші орында. Итальялық "Интер" 10,9 пйызбен үздік үштікте.

Одан кейін лондондық "Арсенал" (6,3 пайыз), ал бесінші орында күтпеген жерден леверкузендік "Байер" тұр екен - 5,4 пайыз

Топтық кезеңнің бірінші туры 17 қыркүйекте басталады. Жалпы сегіз тур жоспарланған. Былтыр "Реал" трофейді финалда "Боруссияны" 2:0 есебімен ұтып алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport