"Super Bol" жобасының бюджеті белгілі

©instagram.com/superbol.kz

"Super Bol" жобасының бюджеті белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай жобаның түсіріліміне және ұйымдастыруына 1,5 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Еліміздегі теңдесі жоқ жоба жеке инвесторлардың қолдауымен өтті.

Футбол жобасы үш айға жалғасып, Qazsport телеарнасы арқылы апта сайын көрсетіліп келді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық аймағынан 25 ойыншы іріктеліп, ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смаковтың жетекшілігімен жаттықты.

Футболшылардың біразы кәсіпқой клубтармен келісімшартқа отырғанын айта кеткен жөн. Мәселен, таланттардың біразы – "Мақтаарал", "Ақтөбе" және "Ақсу" клубтарында доп тебуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шетелдік командалардан қаралымға (Ресей, Қырғызстан, Түркия) мүмкіндік алғандары да болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар