"Әл-Райан" клубының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес "Әл-Вакр" қорғаушысы Усман Кулибалидің өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Матчтың бірінші таймында Кулибали есінен танып қалған. "Эвертон" мен "Реалдың" бұрынғы ойыншысы медицина өкілдері жасыл алаңға жеткенше бірден қорғаушыға көмек қолын созды. Родригес 32 жастағы ойыншының басын жоғары көтеріп, тыныс алуына жағдай жасаған. Қазіргі таңда малилік футболшы ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда Катар футбол лигасы Кулибалиде жүрек талмасы болғанын растады.