"Вест Хэм Юнайтед" жартылай қорғаушысы Никола Влашич АПЛ-дің 33-турында "Бернли" хавбегі Эшли Вествудтің аяғын сындырды.
Оқиға ойынның 23-минутында болды. Допқа талас кезінде хорватиялық ойыншы қарсыласының үстіне құлады, салдарынан Вествудтың аяғы сырт айналып сынды. Осыдан кейін оны алаңнан зембілмен алып кетті.
Не істегенін көрген Влашич көз жасына ие бола алмады.
"Вест Хэм" сапына 30 миллион еуроға өткен Никола желтоқсанда АПЛ-дегі ең нашар трансферлер тізіміне кіргенін айта кетейік. Биылғы маусымда ол 17 матчте бір гол соқты.