Үндістанның Керала штатында футбол матчында жанкүйерлер отырған трибуна құлады. Бұл туралы ANI басылымы хабарлады. Белгілі болғандай зардап шеккен жанкүйерлердің саны 200-ден асқан. Олардың арасында бесеуі ауыр жарақат алған.
Оқиға ойын басталар алдында болды. Әзірге зардап шеккендердің тағдыры белгісіз.