Футбол
30 маусым 2021 10:43

Сұмдық фолдың видеосы. Швеция қорғаушысы украиналық шабуылшының аяғын морт сындыра жаздады

Сурет: Reuters©

Футболдан Еуропа чемпионатының Украинамен өткен 1/8 финал матчін Швеция құрамасы он футбошы болып аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 98-ші минутында Маркус Даниэльссон допқа талас кезінде жүгіріп келе жатқан украиналық шабулшы Артем Бесединнің тізесіне аяғын тіктеп тұрып тіреді. Осыдан кейін украиналық форвард ойынды жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Цыганков шықты. Ал видео қайталаудан кейін Даниэльссон алаңнан қуылды. Бұл кезде есеп 1:1 еді. Ал 121-ші минутта Украина командасы шешуші голды салып, Еуроның ширек финалына шықты.