Суарес "Ювентуске" Роналдудың қасына барады

Коллаж: Scroll.in
"Барселона" форварды Луис Суарес карьерасын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" италиялық журналист Джанлуку ди Марциоға сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, 33 жастағы уругвайлыққа Криштиану Роналду өнер көрсетіп жүрген "Ювентус" қызығып отыр. Суарес каталондық клубтан демалыс жәрдемақысын алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Осы орайда ол туриндік клубқа тегін өтуі мүмкін. 

Суарес "Барселона" сапында 2014 жылдан ойнап келеді. Ал кейінгі келісімшарты 2021 жылдың 30 тамызына дейін болатын. Өткен маусымда ол 36 матчте 21 гол салып, 12 ассист жасады.

Transfermarkt порталы Суаресті 28 миллион еуроға бағалап отыр.
Жаңалықтар