Суарес ойын кезінде "Атлетико" бас бапкеріне тіл тигізді

20 желтоқсан 2021 10:21
©Eurostavka

Мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Луис Суарес Ла Лиганың 18-турындағы "Севильямен" матчте өзін алаңда алмастырғанына өте наразы болды, деп жазады "Евроспорт".

Уругвайлық форвард осы үшін бас бапкер Диего Симеонеге көңілге тиетін сөздер айтқан. Футболшы 57-минутта алмастырылған еді. "Сорлы сілімтік, үнемі осы", - деп береді Луистің сөзін Marca.

Басылым мәліметінше, Суарес жазда Симеонемен қош айтысуы ықтимал - уругвайлық ойыншы еркін агент атанады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport