Футбол
11 қыркүйек 2018 10:33
 
Стойлов Ұлттар лигасындағы Андорамен матчте Қазақстан жеңісті неліктен жіберіп алғанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Стойлов Ұлттар лигасындағы Андорамен матчте Қазақстан жеңісті неліктен жіберіп алғанын түсіндірді © "Астана" ФК баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасындағы Андорамен болған матч туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

D дивизионындағы алғашқы топтың ойыны 1.1 есебімен аяқталды. 68-ші минутта Ұлттар лигасындағы Қазақстанның алғашқы голын Юрий Логвиненко салды, алайда, 76 минутта хавбек Серікжан Мужиков матчтен шеттеліп, 86-шы минутта Жорди Алаэс есепті теңестірді.

"Бүгін өкініштісі мен күткен нәтижеге жете алмадық. 90 минут жақсы ойын көрсеттік, алайда, ойын шабуылда қиындықтарымыз барын көрсетті. Екі ойында бір ғана гол салынды. Өзімізге гол салынғанда тым жеңіл қателікке бой алдырдық. Екіншісі - біз шабуылды соққымен аяқтай алмаймыз", - дейді Стойлов матчтен кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, екі тур қорытындысы бойынша бір ұпай жинаған Қазақстан топтағы соңғы - төртінші орында тұр. 

Ұлттар лигасының 13 қазандағы үшінші турында Грузия - Андорра және Латвия - Қазақстан матчтері өтеді. Топтық кезең 19 қарашада аяқталады.

Жарнама

Живи спортом!