9yVqUeQDHIwBy4oYedAm6If2LuB4Y2TSlMsc6xjM
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Стойлов Қазақстан құрамасының мүмкіндігін бағалады да, клубтық жұмысқа оралуды ұйғарды

Стойлов Қазақстан құрамасының мүмкіндігін бағалады да, клубтық жұмысқа оралуды ұйғарды
© ФК "Астана"
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов DIEMA SPORT арнасындағы "Домът на футбола" бағдарламасына берген сұхбатында ұлттық командамен жұмысына бағасын берді. 

51 жастағы бапкер Қазақстан құрамасын наурызда жаттықтыра бастады да, екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның жаттықтыруымен құрама Ұлттар лигасы D дивизионындағы топтық ойында екінші болды. Құрамаға дейін Стойлов төрт рет Қазақстан чемпионы болған, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен "Астананы" жаттықтырған. 

"Сегіз-тоғыз айлық жұмыс жемісін берді деп ойлаймын. Ойын мінезіне ризамын, бірақ, нәтиже жағынан әлі де жақсаратынына үміттімін. Бір қадам алға басып, екінші орын алдық. Мен бірінші болғым келеді, амбициям бар адаммын. Ұлттар лигасының келесі маусымында Қазақстан өз тобында көшбасшы болмайды. 

Меніңше Болгарияда деңгей жоғары және таңдайтын ойыншылар да көп. Әзірге Қазақстанда жұмыс тыныш, бірақ, мұнда үлкен нәтиже күтеді. Бапкерлер командамыз "Астананы" Қазақстан құрамасына ауыстырды. Әрине бұл қалыпты жағдай - нәтижеге жеткен соң адамдар сенен көбірек күте бастайды. Біз де бір ғажайыптан үмітті болдық. Әрине команда алға ілгерледі, алайда, ол топта бірінші бола қоятындай ғажайып болмады. Команда ойнауға тырысты, алға қарай кішкентай қадам жасалды, енді осылай қарай жылжи беру керек. 

Құраманың бірнеше түір бар. Құраманың қиындығы ойыншылармен күнде жұмыс істей алмайсың. Үлкен командамен ойнайтын құрамалар бар, онда жеңілірек. Кішірек елде жұмыс істеу қолайсыз. Ал клубтық командада ойыншылармен күнде жұмыс істейсің де, күнде жаңа дүние қосуға болады. МҚұрамадағы екі-үш жаттығумен ғана қиындау. Өйткені көп ақпарат беру зиянды, ойыншалыр шатасуы мүмкін. Бірақ біздің штабта тәжірибе жеткілікті", - дейді бапкер. 

Ал алдағы жоспарлары туралы Стойлов: "Алты жыл жұмыс істеп келемін. Сергіп алуым қажет. Ұзақ уақыт бас тартып келдім, бірақ, клубтық команданың уақыты келді. Жақын уақытта осындай қадам жасаймын. Әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз: "Мына жерде мынау керек дейміз", бірақ, бұл біз қалаған орында болғаны маңызды", - деп келтіреді Стойловтың сөзін gong.bg.

Мұның алдында болгариялық БАҚ Стойловты "Левски" клубы өзіне шақырғысы келіп отырғанын жазған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар