d4UKUr1hLfiEItNGHOY1GpaBzdaQndq8t9y6KDbY
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Стойлов Қазақстан құрамасынан кетіп, еурокубоктар қатысушысын жаттықтырмақ

Стойлов Қазақстан құрамасынан кетіп, еурокубоктар қатысушысын жаттықтырмақ
© ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов қаңтар соңында қызметінен кетеді, - деп хабарлайды "SPORTINFORM".

Болгариялық маман қызметінен клубтағы жұмыс үшін кетпек. Басылым ақпаратынша, Стойлов шымкенттік "Ордабасыны" жаттықтыратын болады. Клуб қазіргі бапкері Кахабер Цхададзені жақын арада орнынан босатпақ. 

"Ордабасына" Стойловтың "Астанадағы" бұрынғы басшысы Саян Хамитжанов шымкенттік клубтың президенті болып барған соң осындай сөз шықты. Шымкенттіктер биыл соңғы чемпионаттардың мықтылары "Астана" мен "Қайратты" ығыстырмақ ниетте. Команда бұл үшін астаналық клуб футболшылары Алексей Щеткин, Дмитро Непогодов мен Марат Быстровты өз сапына алды" - делінген ескермеде. 

Стойлов Қазақстанда 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның жаттықтыруымен "Астана" төрт рет ел чемпионы болды, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен. 

Былтыр наурызда Стойлов екі жылдық келісімшарт жасасып, Қазақстан құрамасын жаттықтыра бастады. Осы аралықта ұлттық құрама үш жолдастық кездесудің екеуін ұтты, алайда, Ұлттар лигасында Грузиядан екі рет жеңіліп, D дивизионында екінші ғана болды. 

Өткен маусымда "Ордабасы" Қазақстан премьер-лигасында төртінші болды, бұл Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар