Стивен Джеррард "Астон Вилланың" бас бапкері атанды

©"Рейнджерс" ФК

"Ливерпуль" мен Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Стивен Джеррард ағылшындық "Астон Вилла" командасының бас бапкері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Келісім-шарт 2,5 жылға есептелген. 41 жастағы англиялық маман "Астон Вилла" клубының тарихындағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды.

"Астон Вилла" командасы Стивен Джеррардты бас бапкер ретінде тағайындалғанын хабарлайды", - делінген клубтың твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, биылғы маусымда бұл команда Англия біріншілігінің 11 ойыны қорытындысы бойынша 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 16 орында келеді. 

Ал Джеррард болса бұған дейін шотландиялық "Рейджерс" командасы сапында жұмыс істеп, өткен жылы чемпион атанған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: